Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 269 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-1 бабына сәйкес, Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 28 қыркүйек № 237 "Шалқар аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4546 санымен тіркелген, "Шежірелі өлке" газетінің 2015 жылғы 30 қазандағы № 44 (709) санымен жарияланған.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы Ж. Утегенов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы М. Жиенғазина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады