Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген, Автомобиль көлiгiмен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсету қағидаларының 31 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8950 болып тіркелген) сәйкес Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Приозерск қаласының аумағында инватакси қызметіттерін алушылардың санаттары келесі тұлғалардың санаттарымен кеңейтілсін:
1) тірек-қимыл аппараты бұзылған бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;
2) тірек-қимыл аппараты бұзылған 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балалар;
3) 18 жасқа дейінгі ақыл-ой бұзылуы бар балалар;
4) 18 жастан асқан ақыл-ой бұзылуы бар адамдар.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Приозерск қаласының әкімі | М. Ахметов |