"Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 239 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 22 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 және 43-1-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 239 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7814 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 540-545 (27618) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментіне жолдауды;
      2) осы бұйрықты мерзімді баспасөз беттерінде және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж.Әбдірайымға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                                   Б. Имашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады