Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 02 наурыздағы "Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 108 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 366 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы облысы әкімдігінің 2016 жылғы 02 наурыздағы "Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 108 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 7 сәуірінде № 3780 тіркелген, 2016 жылғы 26 сәуірдегі № 48 "Жетісу" мен "Огни Алатау" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте бір апталық мерзімде:
      1) Алматы облысының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
      2) осы қаулының ресми баспа басылымарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б. Өнербаевқа жүктелсін.
      Облыс әкімі А. Баталов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады