"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 5-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы "Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" № 322 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімнде 2015 жылдың 01 шілдесінде № 3252 тіркелген, 2015 жылдың 10 шілдесінде "Талдықорған" газетінің № 30 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Кезекті ІІІ | |
сессияның төрайымы | О.Яхимович |
Қалалық мәслихаттың | |
хатшысы | Қ. Бұлдыбаев |