Ақсу ауданы әкімінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы "1995 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" № 5 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Алматы облысы Ақсу ауданы әкімінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № 3 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27- бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ақсу ауданы әкімінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы "1995 жылғы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскелерінде тіркеуге алуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы" № 5 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылы 09 қаңтарда № 2-4-144 болып тіркелген, "Ақсу өңірі" газетінде 2012 жылы 28 қаңтарда жарияланған) күші жойылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.Сабырбаевқа жүктелсін.
      Аудан әкімі Ә. Далбағаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады