Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қазандағы "Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 10-895 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Қарасай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қыркүйектегі № 9-1423 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарасай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 7 қазандағы "Қарасай ауданының Райымбек ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 10-895 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 6 қарашасында № 3533 тіркелген, 2015 жылдың 13 қарашасында № 47 "Заман Жаршысы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Мадияр Орынтаевич Амиргалиевке жүктелсін.
      Аудан әкімі М. Бигельдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады