Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы "Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 600 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Панфилов ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 тамыздағы № 437 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 маусымдағы "Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 28 шілдесінде № 3305 тіркелген, аудандық "Жаркент өңірі" газетінде 2015 жылдың 7 тамызында № 33 жарияланған) № 600 қаулысының күші жойылсын деп танылсын.
      2. "Панфилов ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Курбанов Шухрат Бурхандинұлына жүктелсін.
      Аудан әкімі Б. Абдулдаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады