1. Панфилов ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 ақпандағы "Панфилов ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 27 наурызында № 3113 болып тіркелген, "Жаркент өңірі" газетінде 2015 жылдың 16 мамырында № 21 жарияланған) № 111 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Садыков Аскар Джумахановичке жүктелсін.
Аудан әкімінің уақытша | |
міндетін атқарушы | Ш. Курбанов |