«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 306 бұйрығына («Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 тамызда жарияланды) мына өзгерістер енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті туралы ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Комитеттің Қазақстан Республикасы Үкіметі құрайтын және тарататын, мемлекеттік мекеме нысанында заңды тұлға болатын аумақтық органдары бар, оларға: облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірірстер департаменттері, аудан, қалалар және қалалардағы аудандар және арнайы экономикалық аймақ аумақтарында басқармалар, сондай-ақ мамандандырылған кеден мекемелер жатады.»;
16-тармақта:
мынадай мазмұндағы 45-1), 45-2), 45-3), 45-4) және 45-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«45-1) автожанармай құю станцияларында және мұнай өнімдері базасында мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алу журналының нысанын және оны жүргізу қағидаларын әзірлеу;
45-2) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқор жүргізу;
45-3) мұнай өнімдерінің айналымына камералдық бақылау жүргізу;
45-4) мұнай өнімдеріне дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлеу;
45-5) мұнай өнімдерінің айналымы саласында бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысанын әзірлеу;»;
46) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«46) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқор жүргізу және қалыптастыру ережесін әзірлеу;»;
мынадай мазмұндағы 48-1) және 48-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«48-1) мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы жөніндегі бірыңғай дерекқордан мұнай өнiмдерiн өндiру және олардың айналымы көлемі жөнінде ақпаратты мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкілетті органға өз құызерті шегінде салыстыру үшін ұсыну;
48-2) мұнай өнiмдерiн өндiру саласындағы уәкілетті орган ұсынған қайта өңдеу өнімдерінің тізбесін келісу;»;
49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру және олардың айналымы, темекі өнімдерін өндіру саласындағы Рұқсаттар және хабарламалар туралы Қазақстан Республикасы заңнамасын сақтау бойынша бақылау жүргізу;»;
17-тармақ мынадай мазмұндағы 92-2) тармақшамен толықтырылсын:
«92-1) «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамының өзекті индикаторлар мен көрсеткіштерін Комитеттін құзыретіне жататын мәселелер боыйнша әзірлеу.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Комитеттің төрағасы мынадай уәкілеттілікттерді іске асырады:
1) Комитеттің құрылымдық бөлімдерінің басшыларының, өзінің орынбасарларының, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттердің басшыларының, мамандандырылған кеден мекеме басшыларының, ішкі қауіпсіздік құрылымдарының басшыларының уәкілеттілігін және міндеттерін анықтайды;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады:
Комитеттің жұмыскерлері және қызметкерлерін;
облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттер басшыларының орынбасарларын;
мамандандырылған кеден мекемелерінің басшыларын;
облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің қызметкерлерін және басшыларын;
3) Қазақстан Республикасы заңнамасы бекіткен тәртіпте тәртіптік жауапкершілік шараларын қолданады;
4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері, оның аумақтық органдары және мамандандырылған кеден мекемелері туралы ережелерді бекітеді;
5) Комитеттің штат саны лимитінің шегінде штаттық кестені бекітеді;
6) Қазақстан Республикасы заңнамасы бекіткен тәртіпте іс сапар, еңбек демалысын ұсыну, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, көтермелеу, Төрағаның орынбасарларына, Комитеттің жұмыскерлері және қызметкерлеріне, облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша мемлекеттік кірістер департаменттер басшыларына, мамандандырылған кеден мекемелер басшыларына сыйақы және үстемеақы төлеу мәселелерін шешеді;
7) құзыреті шегінде Комитеттің құқықтық және нормативтік құқықтық актілеріне қол қояды;
8) Комитеттің заң бөлімшесіне жетекшілік етеді;
9) Комитетті барлық мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда білдіреді;
10) Қазақстан Республикасы заңнамасымен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
11) Комитеттің Төрағасы жоқ болған уақытта оның міндеттерін Комитеттің Төрағасы анықтаған орынбасарларының бірі атқарады.».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Қыпшақов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі Б. Сұлтанов