"Ветеринария саласы бойынша зертханалық-диагностикалық зерттеулерінің үлгілік уақыт нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 16-07/582 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 28 сәуірдегі № 193 бұйрығы

      «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ветеринария саласы бойынша зертханалық-диагностикалық зерттеулерінің үлгілік уақыт нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 16-07/582 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9011 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 72(28296) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;
      2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр                                          А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрлігі
      ____________ Т. Дүйсенова
      _________ ________ 2016 год

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады