"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 17-1/750 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 375 бұйрығы

      29.08.2016 редакциясында

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 375 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 17-1/750 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 тамыздағы № 17-1/750 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12101 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 19 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді дамыту және ақпараттық технологиялар департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын;

      2) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның кәшірмесінің "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-парталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-
Министрінің орынбасары-
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады