"Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 16-05/715 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12013 болып тіркелген, 2015 жылғы 1 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 3-1) және 3-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"3-1) тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мониторинг жоспарын әзірлейді және бекітеді;
3-2) жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды әзірлейді және бекітеді;";
мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:
"16-1) нысаналы бюджет қаражаты есебінен қаржыланатын объектілерді салуға арналған техникалық-экономикалық негіздемелерді немесе жобалау-сметалық құжаттамаларды заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді;".
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Осы бұйрықтың "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықтан шығатын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – |
|
Қазақстан Республикасының | |
Ауыл шаруашылығы министрі | А.Мырзахметов |