"Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 223 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 168 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2005 жылғы 28 шілдедегі № 223 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1624 болып тіркелген, 2005 жылдың 15 қыркүйегінде "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы қаулының 1-тармағында көрсетілген нормативтiк құқықтық актінің күшi жойылды деп танылғаны туралы әдiлет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е. Манжуовқа жүктелсін.
      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады