Үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларды материалдық қамсыздандыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімиятының 2005 жылғы 28 шілдедегі N 223 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 10 тамызда 1624 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 168 қаулысымен

      Ескерту.Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 26.05.2016 № 168 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабын іске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 17) тармақшасына сәйкес облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Мүгедектерді әлеуметтік қолдау" бағдарламасы бойынша облыстық бюджетте қарастырылған қаржылардан үйде тәрбиеленетін және оқитын мүгедек балаларға тоқсанына 6 айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде 18 жасқа толмаған әрбір мүгедек балаға материалдық қамсыздандыру берілсін.
      2. Былай белгіленсін:
      1) материалдық қамсыздандыру жанұя табысынан тәуелсіз ата-анасының біреуіне немесе оны алмастыратын тұлғаға туған, асырап алған, сондай-ақ қамқоршылыққа алған балаларына (толық мемлекеттік қамсыздандырудағы мүгедек балалардан басқа) беріледі;
      2) материалдық қамсыздандыру облыс әкімиятының білім беру департаментінің Жамбыл облыстық ведомствоаралық психолого-медико-педагогикалық консультациясының қорытындысы бойынша құжаттарды берген айдан бастап беріледі;
      3) материалдық қамсыздандыру 12 ай мерзімге тағайындалады;
      4) материалдық қамсыздандыруды төлеу өткен тоқсанға қаржыландыру түсуіне қарай жүргізіледі. Материалдық қамсыздандыруды төлеуді тоқтатуға себеп болатын жағдайлар туындаған кезде (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың өлімі, мүгедектіктің алынуы) төлеу тиісті жағдайлар туындаған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      3. Материалдық қамсыздандыруды тағайындау туралы шешімді мынадай құжаттар тізбесі негізінде аудандар мен Тараз қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері қабылдайды:
      мүгедек баланың тууы туралы куәлік;
      мүгедектікті белгілеу туралы медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасы (белгіленген үлгідегі);
      тұрғылықты жерінен анықтама;
      облыс әкімияты білім департаментінің Жамбыл облыстық ведомствоаралық психолого-медико-педагогикалық консультациясының мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқыту қажеттілігі туралы қорытындысы.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары М. Н. Байбековке жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған кезден бастап күшіне енеді және 2005 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға тарайды.
      Облыс Әкімі Б. Жексембин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады