Мойынқұм аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 23 қарашадағы №39-3 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 наурыздағы № 45-3 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
       Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мойынқұм аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 қарашадағы "Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемелерін және бірынғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарлату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2863 санымен тіркелген, 2015 жылғы 18 желтоқсанда аудандық "Мойынқұм таңы" №112-113 газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. "Мойынқұм аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі белгіленген тәртіппен және мерзімдерде осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актінің жойылды деп таңылғаны жөнінде әділет органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Алипбеков Уланбек Ерболатұлына жүктелсін.
      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы хатшысы
      Ж. Әйтішев Ш. Исабеков

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады