"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 45-тармағына және "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті (бұдан әрі - Комитет) төрағасының орынбасарлары және оның аумақтық департаменттерінің басшылары мен басшы орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Персоналды басқару департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Бұйрықтар:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысының м.а. 2014 жылғы 06 қарашадағы № 218 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасарлары және оның аумақтық департаменттерінің басшылары мен басшы орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы"; (D14GR000218 - мемлекеттік тілдегі мәтіні берілмеген).
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысының 2015 жылғы 03 желтоқсандағы № 935 "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасарлары және оның аумақтық департаменттерінің басшылары мен басшы орынбасарларының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына өзгеріс енгізу туралы" жойылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің төрағасы A. А. Ахетовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Жауапты хатшы | А. Құрманғалиева |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жауапты хатшысының 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 276 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті
төрағасының орынбасары (1 бірлік), С-1 санаты, 24-1-2
Критерийлер | Талаптар |
Білімі | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы жоғары білім (медицина) (жалпы медицина, стоматология, медицина, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару), ғылыми және магистрлік дәреженің бар болуы. |
Кәсіби біліктілігі | Бастамалық, адамдар мен тіл табысуы аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапағабағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; |
Заңнаманы білу | 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Президент туралы", 1995 жылғы 18 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, 2015 жылғы 23 қарашадағы "Мемлекеттік қызмет туралы", 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы", 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан - 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" стратегиясын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу. |
Практикалық тәжірибссі | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілі біліктілік талаптарға сәйкес. Денсаулық сақтау саласындағы басшы қызметінде жұмыс тәжірибесінің болғаны дұрыс, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс дағдысы; компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйелерімен, денсаулық саласындағы ақпараттық жүйемен, Outlook Express, Internet Explorer жұмыс істеуді білу. |
Функциялық міндеттері | Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмысын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі ң ТМККК) шеңберінде қызметтері төлеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша басшылық ету және ұйымдастыру және денсаулық сақтау жүйесін дамыту стратегиясына және денсаулық сақтау ресурстарын қаржыландыру мен басқару механизмдерін жетілдіруге қатысу; Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (бұдан әрі - МӘМС) енгізу жөніндегі жұмысқа қатысу; МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру және шығындарды жоспарлау әдістемесін әзірлеуге қатысу; медициналық қызметтердің тиімділігін, толықтығын және стандарттарға сәйкестігін көрсететін индикаторларды пайдалана отырып, МӘМС шеңберінде медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілері қызметінің тиімділігін бағалауға бірыңғай тәсілдерді әзірлеу; МӘМС жүйесінде және ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер шығындарын жоспарлау бойынша қызметтерді жүйелендіруді жүргізу; МӘМС жүйесінде тарифтерді қалыптастыру бойынша ұсыныстарды жасау жөніндегі қызметті жүйелендіруді жүргізу; медициналық көмек көрсетуді мен қаржыландыруды жетілдіруге бағытталған кеңестерді, семинарларды, конференцияларды және басқа да іс-шараларды жүргізуге қатысу; бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу, нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді, стандарттарды, нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу; құзыреті шегінде біріңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (бұдан әрі- БҰДЖ) енгізу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу, оның ішінде өңірлерге бару. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті
төрағасының орынбасары (1 бірлік), С-1 санаты, 24-1-3
Критерийлер | Талаптар |
Білімі | Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы жоғары білім (медицина) (жалпы медицина, стоматология, медицина, қоғамдық денсаулық сақтау) ғылыми және магистрлік дәреженің бар болуы. |
Кәсіби біліктілігі | Бастамалық, адамдар мен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау көшбасшылық, әдептілік, сапағабағдарлану,тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; |
Заңнаманы білу | 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы", 1995 жылғы 18 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, 2015 жылғы 23 қарашадағы "Мемлекеттік қызмет туралы", 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы", 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан - 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" стратегиясын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу. |
Практикалық тәжірибесі | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілі біліктілік талаптарға сәйкес. Денсаулық сақтау саласындағы басшы қызметінде жұмыс тәжірибесінің болғаны дұрыс, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс дағдысы; компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйелерімен, денсаулық саласындағы ақпараттық жүйемен, Outlook Express, Internet Explorer жұмыс істеуді білу. |
Функциялық міндеттері | Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің жұмысын ТМККК шеңберінде қызметтерді төлеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша басшылық ету және ұйымдастыру және БҰДЖ дамыту стратегиясына және денсаулық сақтау ресурстарын қаржыландыру мен басқару механизмдерін жетілдіруге қатысу; құзыреті шегінде ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және республикалық бюджет қаражатының есебінен оның шығындарын өтеу; Комитет жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша ТМККК қызметтерін мониторингілеу және ақы төлеу мәселелері бойынша, сондай-ақ өз құзыреті шегінде БҰДЖ шеңберіндегі бағдарламалардың іске асырылуын талдау және бағалау бойынша басшылық ету және ұйымдастыру; бағдарламалық және стратегиялық құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу; жоспарлау және қаржыландыру мәселелері бойынша Комитеттің аумақтық департаменттерінің қызметін үйлестіруді жүргізу. Комитет жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатын нысаналы пайдалануды және оны игеруді қамтамасыз ету; ТМККК-нің медициналық қызметтеріне арналған тарифтерді қалыптастыру әдістемесін әзірлеуге және жетілдіруге қатысу; мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көлемдерінің орындалуына мониторинг пен талдау жүргізу; ТМККК көрсету мен қаржыландыруды жетілдіруге бағытталған кеңестерді, семинарларды, конференцияларды және басқа да іс-шараларды жүргізуге қатысу; құзыреті шегінде БҰДЖ енгізу бойынша түсіндіру жұмысын жүргізу, оның ішінде өңірлерге шығу; құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі жұмысқа қатысу. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті
аумақтық департаментінің басшысы (16 бірлік), С-О-1
санаты, 24-2-1
Критерийлер | Талаптар |
Білімі | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы жоғары білім (медицина) (жалпы медицина, стоматология, медицина, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару), магистрлік дәреженің бар болуы. |
Кәсіби біліктілігі | Бастамалық, адамдар мен тіл табысу, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдeптiлiк, сапағабағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; |
Заңнаманы білу | 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Президент туралы", 1995 жылғы 18 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, 2015 жылғы 23 қарашадағы "Мемлекеттік қызмет туралы", 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы", 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан - 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" стратегиясын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу. |
Практикалық тәжірибесі | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілі біліктілік талаптарға сәйкес. Денсаулық сақтау саласындағы басшы қызметінде жұмыс тәжірибесінің болғаны дұрыс, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс дағдысы; компьютерде Microsoft Officе бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйелерімен, денсаулық саласындағы ақпараттық жүйемен, Outlook Express, Internet Explorer жұмыс істеуді білу. |
Функциялық міндеттері | Комитеттің аумақтық департаментінің қызметіне жалпы басшылық ету; кадрды іріктеу және орналастыру; ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерге ақы төлеу, БҰДЖ-ны қаржыландыру және ақпараттық- талдамалы сүйемелдеу механизмін жетілдіру мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, мемлекеттік кәсіпорындармен. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелерімен, ғылыми және ақпараттық орталықтармен, меншік нысанына қарамастан медициналық кәсіпорындармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; ТМККК қызметтер берушісін таңдау жұмысын ұйымдастыру; республикалық бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде ТМККК көлемдеріне және медициналық қызметтерге ақы төлеуге сараптама жүргізу; қызметтер берушілерге экономикалық ықпал ету шараларын қолдану, бөлінген бюджет қаражатын нысаналы пайдалануды және игеруді қамтамасыз ету; Комитетке талдамалы және басқа да есептерді уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету; құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі жұмысқа қатысу. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің
аумақтық департаментінің басшы орынбасары (16 бірлік),
С-О-2 санаты, 24-2-2
Критерийлер | Критерийлер |
Білімі | Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы жоғары білім (жалпы медицина, стоматология, медицина, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары білім (математика, информатика, физика, ядролық физика, химия) немесе технологиялар және техникалық ғылымдар саласындағы (жоғары білім (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік үлгілеу, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар) |
Кәсіби біліктілігі | Бастамалық, адамдар мен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапағабағдарлану тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; |
Заңнаманы білу | 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы", 1995 жылғы 18 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, 2015 жылғы 23 қарашадағы "Мемлекеттік қызмет туралы", 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы". 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы", 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерді қарау тәртібі туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан - 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" стратегиясын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу. |
Практикалық тәжірибесі | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілі біліктілік талаптарға сәйкес. Денсаулық сақтау саласындағы басшы қызметінде жұмыс тәжірибесінің болғаны дұрыс, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс дағдысы; компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен, электрондық құжат айналымы жүйелерімен, денсаулық саласындағы ақпараттық жүйемен, Outlook Express, Internet Explorer жұмыс істеуді білу. |
Функциялық міндеттері | Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша алдағы кезеңге жоспарланып отырған бюджет қаражатын келісу; жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалардың міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыруға қатысу; ТМККК шеңберіндегі медициналық қызметтер берушілерін уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз ету; ТМККК шеңберіндегі қызметтер берушіні таңдау жұмысын ұйымдастыруға және республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын стационарлық пен стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде медициналық қызметтерге ақы төлеуге қатысу; бөлінген бюджет қаражатын нысаналы пайдалануды және игеруді қамтамасыз ету; ТМККК көлемдеріне сараптама жүргізу; денсаулық сақтау субъектілеріне экономикалық ықпал ету шараларын қолдану, жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджет қаражатының уақтылы игерілуін болжамдау; өңір бөлінісінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қаржыландыру нәтижесі бойынша медициналық-экономикалық талдау жүргізу. Бастапқы медициналық құжаттама мен емделіп шыққан науқастардың дерекқоры негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемдеріне бақылау жүргізу; ТМККК шеңберінде медициналық қызметтерге ақы төлеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, мемлекеттік кәсіпорындармен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелерімен, ғылыми және ақпараттық орталықтармен, меншік нысанына қарамастан медициналық кәсіпорындармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудын 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі жұмысқа қатысу. |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің
аумақтық департаменті басшысының орынбасары (2 бірлік),
С-О-2 санаты, 24-2-3
Критерийлер | Талаптар |
Білімі | Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) саласындағы жоғары білім (жалпы медицина, стоматология, медицина, қоғамдық денсаулық сақтау) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім (экономика, қаржы. менеджмент, есеп және аудит, әлемдік экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару) |
Кәсіби біліктілігі | Бастамалық,адамдар мен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапағабағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; |
Зашіаманы білу | 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 1995 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы", 1995 жылғы 18 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, 2015 жылғы 23 қарашадағы "Мемлекеттік қызмет туралы", 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы", 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы", 2007 жылғы 12 қаңтардағы "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарын, "Қазақстан - 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" стратегиясын, денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу. |
Практикалық тәжірибесі | Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының әкімішілік мемлекеттік лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілі біліктілік талаптарға сәйкес. Денсаулық сақтау саласындағы басшы қызметінде жұмыс тәжірибесінің болғаны дұрыс, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс дағдысы; компьютерде Microsoft Office бағдарламалар пакетімен. электрондық құжат айналымы жүйелерімен, денсаулық саласындағы ақпараттық жүйемен, Outlook Express, Internet Explorer жұмыс істеуді білу. |
Функциялық міндеттері | Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің медициналық қызметтерін сараптау әдістемесін әзірлеуді және жетілдіруге қатысу; Комитетке есептер мен талдауды уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету, бастапқы медициналық құжаттама мен емделіп шыққан науқастардың дерекқоры негізінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемдеріне бақылау жүргізу; мемлекеттік органдармен, мемлекеттік кәсіпорындармен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ведомстволарының аумақтық бөлімшелерімен, ғылыми және ақпараттық орталықтармен, меншік нысанына қарамастан медициналық кәсіпорындармен, заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің ақауларына құрылымдық талдаудың жүзеге асырылуын бақылау; өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі жұмысқа қатысу. |