"Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы өтініштердің нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 11 тамыздағы № 180 және "Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 64 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 ақпандағы № 243 бұйрығы

      1. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы өтініштердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 11 тамыздағы № 180 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6497 болып тіркелген, «Казахстанская правда» газетінде 2010 жылғы 7 қазандағы № 264 (26325) жарияланған);
      2) «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімін және депозитарийді жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 64 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10355 болып тіркелген, 2015 жылғы 16 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (Т.Б. Қазанғап):
      1) осы бұйрықты бір апта мерзімінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберуді;
      2) осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                                            Ә. Исекешев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады