«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. «Өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлік аясында тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 141 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы 127/ОД бірлескен бұйрығының (нормативтiк-құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 9516 болып тiркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 16 шілдеде жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне көшірмесін жіберуді;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі Ұлттық экономика министрі
___________ Ж. Қасымбек ____________ Қ. Бишімбаев