Сәтбаев қаласы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 13/89 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының негізінде қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 05/02 "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту тарулы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3025 болып тіркелген, "Шарайна" газетінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 10 (2148) нөмірінде және 2015 жылғы 10 қыркүйектегі "Әділет" ақпараттық-құқық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А.Кимге жүктелсін.
      Қала әкімінің м.а. Ыдырысов А.А.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады