"Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 05/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 наурызда № 3025 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 13/89 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімдігінің 27.04.2016 № 13/89 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына және Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 02/01 "Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қаңтардағы № 01/04 "Қарағанды облысының жергілікті мемлекеттік басқару құрылымы және атқарушы органдарының штат санының лимитін бекіту туралы" қаулысын жүзеге асыру туралы" қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      2. "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А. Кимге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Ә.С. Омар

      

  Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 24 ақпандығы № 05/02
қаулысымен бекітілген

"Сәтбаев қаласының кәсіпкерік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік және ауылшаруашылық дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101302, Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 111 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
      12. "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекеменің миссиясы кәсіпкерлікті қолдау және қорғау, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, ауыл аймақтарын және агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеу саласы бойынша бірегей мемлекеттік саясатты жүргізу, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық саласында стратегиялық мемлекеттік жоспарларды жүзеге асыру болып табылады.
      14. Міндеттері:
      қаланың аумағында кәсiпкерлiк қызмет пен инвестициялық ахуалды дамыту үшiн жағдай жасау;
      аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету.
      15. Функциялары:
      бөлімнің құзыретіне кіретін қаланың әлеуметтік-экономикалық орта мерзімдік даму жоспарын өндеуге ат салысу;
      үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жобаларды іздеу және жүргізу;
      қазақстандық үлесті қамтамасыз ететін ірі жүйе құраушы кәсіпорындар мониторингісін жүргізу;
      өнеркәсіп кәсіпорындарындағы негізгі капиталды инвестициялау мониторингісін жүргізу;
      қаланың шағын кәсіпкерлерімен көрме, байқау, жәрмеңке, көшпелі сауда ұйымдастыру;
      қала әкіміне немесе әкім орынбасарына басшылық жасайтын сұрақтар бойынша ақпаратты жинақтау, жалпылау, талдау, дайындау;
      қалада шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдаудың инфрақұрылымдық объектілерін құруды және дамытуды қамтамасыз ету;
      жеке кәсіпкерлікті жергілікті деңгейде мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету;
      мемлекеттік мекеменің құзіретіне жататын сұрақтар бойынша азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау, қарау және Қазақстан Республикасының белгіленген заңнамаларына сәйкес тәртіп пен мерзімде арыз берушіге қабылданған шешім бойынша хабарлау;
      мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге асыруға қатысу және ауылшаруашылығын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда жеке және мемлекеттік құрылымдардың қызметін үйлестіру;
      агроөнеркәсіптік кешенінің дамуын және мемлекеттік реттеу саласында мемлекет саясатын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар енгізу;
      аумақтың ауылшаруашылығын дамытудың кешенді бағдарламасын дайындау және оның орындалуын бақылау;
      ауыл шаруашылығы техникаларын, тіркемелерін және машиналарын тіркеу және есепке алу;
      ауыл шаруашылығы техникаларын, тіркемелерін және машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;
      емтихан қабылдау мен тракторист-машинист куәлігін беру;
      жыл сайынғы техникалық байқаудан өту құжаттарының сәйкестігін бақылау;
      ауыл шаруашылығы саласы бойынша субсидияларды алу жөнінде ақпарат беру, жеке және заңды тұлғалардан тиісті құжаттарды қабылдау.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      әкімге немесе қала әкімдігіне кәсіпкерлік және ауылшаруашылық мәселелері бойынша ұсыныс жасауға;
      өз құзыреті денгейінде мемлекеттік органдарға қала әкімі орынбасарының келісімі бойынша ақпараттық-аналитикалық ақпараттар дайындауға және ұсынуға;
      қалалық атқарушы билік органдарынан, басқару органдарынан, кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден бөлімнің құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қажетті материалдарды белгіленген тәртіпте сұратуға және алуға;
      әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарлар бағасына мониторинг жүргізуге;
      өзінің құзыреті шегінде қала әкімінің және әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын даярлауға;
      қала әкімі мен әкім орынбасарларының қатысуымен өтетін қала әкімдігі отырысына, жиналыстарға тиісті мәселелер бойынша қатысуға;
      бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша қала әкіміне шешімдер, өкімдер мен ұсыныстар жобаларын ұсынуға, белгіленген тәртіпте жиналыс ұйымдастыру;
      қала бөлімдері мен мекеме мамандарын жобаны өңдеуге, баяндама, ақпарат әзірлеуге қатыстыруға;
      Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуге;
      кәсіпкерлік және ауылшаруашылық жағдайы бойынша ақпараттар, баяндамалар жасау;
      инновациялық жобаларды енгізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      кәсіпкерлікті және ауылшаруашылығын мемлекеттік қолдауды жүзеге асыру саясатына қатысу;
      жаңадан тіркелген кәсіпкерлерге, шағын және орта бизнес субъектілеріне ақпараттық, тәжірибелік көмек көрсету;
      бөлім құзыретіне кіретін барлық сұрақтар бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің мемлекеттік органдармен, басқа ұйымдармен және мекемелермен өзара іс-қимылын үйлестіру;
      базарларға төлқұжат беру және категория тағайындау үшін Қарағанды облысы кәсіпкерлік басқармасына құжат дайындау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Сәтбаев қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
      20. "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      заңнамаларға сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қызметке алады және қызметтен босатады;
      заңдарда көзделген тәртіпте мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және мадақтау бойынша шаралар жүргізеді, еңбек қатынастары бойынша сұрақтарды шешеді;
      бұйрықтарға қол қояды;
      барлық мемлекеттік мекемелер мен басқа да ұйымдарда мемлекеттік мекеменің атынан өкіл болады;
      мемлекеттік қызметті орындауға қатысты емес үшінші тұлғалармен қарым-қатынас кезінде мемлекеттік мекеменің өкілі болу құқығына сенімхат береді.
      "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкiлеттiгiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      22. "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады