Интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 ақпандағы № 07/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 наурызда № 2567 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 25 мамырдағы № 15/08 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы әкімдігінің 25.05.2016 № 15/08 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-6) тармақшасының негізінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бұқар жырау ауданы бойынша интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Бұқар жырау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н.Г. Алексеева) квоталанған жұмыс орындарына интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектерінің жұмысқа орналасуына жәрдем жасасын.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Н. Кобжанов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады