"Электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетудің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 178 бұйрығының күшін жою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 11 сәуірдегі № 100 бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсетудің регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 178 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8141 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2013 жылғы 9 ақпанда № 64 (28003) жарияланған) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Мұрағаттық іс және құжаттама департаменті заңнамада белгiленген тәртiпте:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін оған қол қойылған күнінен бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына және мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәлімет беруді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Мәдениет және спорт
      министрі                                         А. Мұхамедиұлы

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ақпарат және коммуникациялар министрі
      ___________________ Д. Абаев
      2016 жылғы 30 маусым

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады