"Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 34 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № 406 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ақпарат саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 34 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5065 нөмірімен тіркелген, "Сыр бойы" және "Кызылординские вести" газеттерінде 2015 жылғы 25 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады