Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 77 "Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 шілдедегі № 228 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 77 "Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2697 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      2. Маңғыстау облысы әкімінің аппараты (А. К. Рзаханов) бір апта мерзім ішінде осы қаулының көшірмесін Маңғыстау облысының әділет департаментіне жіберуді және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
      Облыс әкімінің
      міндетін атқарушысы С. Алдашев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      "Маңғыстау облысының ауыл
      шаруашылығы басқармасы"
      мемлекеттік мекемесі басшысының
      міндетін атқарушысы
      Т.Балтабеков
      "18" 07 2016 жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады