"Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бектіту туралы" Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 884 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 39 қаулысы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» № 148 Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы № 152 «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Жарлығын негізге ала отырып, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 04 желтоқсандағы № 884 ««Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу Тізімінде 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы № 2926 тіркелген) қаулысының күші жойылсын.
      2. Осы қаулының орындалысын бақылау қала әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Б.Овезовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қала әкімінің
      міндетін атқарушы                       С. Қалдығұл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады