Жаңазен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 16/112 "Ойын бизнесі субьектілеріне тіркелген салық төлемақы ставкасын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2016 жылғы 16 мамырдағы № 2/23 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Жаңаөзен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңаөзен қалалық мәслихатының 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 16/112 "Ойын бизнесі субъектілеріне тіркелген салық төлемақы ставкасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11-2-109 болып тіркелген, 2009 жылғы 10 маусымдағы № 23 "Жаңаөзен" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысы (А.Ермұханов) осы шешім туралы Маңғыстау облысының әділет департаментіне және бұқаралық ақпарат құралдары мен "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңаөзен қалалық мәслихатының аппарат басшысына (А.Ермұханов) жүктелсін.
      4. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы С.Мұхаммедов
      Қалалық мәслихат хатшысы С. Мыңбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады