Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Маңғыстау аудандық Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Маңғыстау аудандық Мәслихатының 2009 жылғы 15 сәуірдегі № 12/149 "Жер салығының ставкаларының түзету коэффициентінің мөлшері туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-5-78 болып тіркелген, аудандық "Жаңа өмір" газетінің 2009 жылғы 3 маусымда № 26 санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. "Маңғыстау аудандық Мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің аппарат басшысы (Е.Қалиев) осы шешімді бұқаралық ақпарат құралдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Б.Құсымбаев |
Аудандық Мәслихаттың хатшысы | А.Сарбалаев |