"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы " 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 – II Қазақстан Республикасы Заңына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" кодексіне (Салық кодексі) сәйкес аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жер салығы ставкаларына түзету коэффициентінің мөлшері жалғанған қосымшаға сәйкес бекітілсін (жалғанды).
2. Аудандық Мәслихаттың 18.08.2005 жылғы N 13/98 "Жер салығының базалық ствкалары туралы" (аудандық әділет басқармасында 9 қырқүйек 2005 жылы N 11-5-10 тіркелген, "Жаңа өмір" газетінің 28 қырқүйек 2005 жылғы N 41 санында жарияланған ) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алған ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, | |
Маңғыстау аудандық | |
Мәслихатының хатшысы Ж. Жапақов | |
Аудандық Мәслихаттың 2009 жылғы 15 сәуірдегі "Жер салығы ставкаларының түзету коэффициентінің мөлшері туралы" N 12/149 шешіміне қосымша |
Жер салығы ставкаларының түзету коэффициентінің мөлшері
Аймақтары | Аймақтарға кіретін шағын аудандар мен басқа да құрылымдардағы субъектілер атауы | Ұсынылған аймақтарға сәйкес түзету коэффициенті |
1 | 2 | 3 |
1 | Аудан шегіндегі өнеркәсіптік жұмыс түрлерімен шұғылданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін | 1,5 |
2 | Аудан шегіндегі ауыл шаруашылығына пайдалануға берілген жерлерді пайдаланушы заңды тұлғалар мен шаруа қожалықтары үшін | 1,3 |
3 | Аудан шегіндегі жеке тұлғалардың үй жайлары мен қосымша пайдаланудағы жерлері үшін | 1 |