Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 33/226 "Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 01 ақпандағы № 38/262 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 21-1 бабының 2 тармағына және 43-1 бабына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 7 қыркүйектегі № 33/226 «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2842 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қазанда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Түпқараған аудандық мәслихатының аппаратының басшысы (А.Ізбен) осы шешім туралы Маңғыстау облысының әділет департаментіне және бұқаралық ақпарат құралдары мен «Әділет» ақпараттық – құқықтық жүйесіне хабарлауды қамтамасыз етсін.
      3.Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихаты аппаратының басшысына (А.Ізбен) жүктелсін.
      4. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         А.Шарипов
 
 
      Аудандық мәслихат хатшысы               А.Досанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады