Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 10-11-852 ақпараттық хатының негізінде, Баутин ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Баутин ауылы әкімінің 2010 жылғы 5 мамырдағы № 19 "Көшелер атауларын өзгерту туралы" шешімінің (Нормативтік Құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-6-119 болып тіркелген, 2010 жылы 15 қазандағы № 68 "Ақкетік арайы" газетінде жарияланған) күші жойылсын деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі | Д.О.Меңдіханов |