"Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Рудный қаласы әкімдігі мемлекеттік мекемелерінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2015 жылғы 26 қарашадағы № 1690 Рудный қаласы әкімдігі қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6084 болып тіркелген, 2016 жылғы 6 қаңтарда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы А.Қ. Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
Рудный қаласының әкімі Б. Ғаязов