Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 515 қаулысы

       "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-қзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Рудный қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
      1) 2014 жылғы 5 наурыздағы № 418 "Рудны қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы Ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4575 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірдегі "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған);
      2) 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 54 "Әкімдіктің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 418 "Рудный қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (мемлекеттік органы) туралы Ережені бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5341 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қаңтарда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған).
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы А.Қ. Ысқақовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Рудный қаласы әкімі Б. Ғаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады