"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Әулиекөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 278 "Әулиекөл ауданы әкімдігінің мемлекеттік мекемелерінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6074 тіркелген, аудандық "Әулиекөл" газетінде 2016 жылғы 7 қаңтарында жарияланған) қаулысының күші жойылған деп танылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Балғарин