Кейбір қаулылардың күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 319 қаулысы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша әкімдік қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      Аудан әкімі А. Ибраев

  Әкімдіктің
2016 жылғы 3 қазандағы
№ 319 қаулысына қосымша

Әкімдіктің күші жойылған қаулыларының тізбесі

      1. "Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы" әкімдіктің 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 29 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-88 тіркелген, 2008 жылғы 22 ақпанда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған).
      2. "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдер белгілеу туралы" әкімдіктің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 43 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-89 тіркелген, 2008 жылғы 15 ақпанда "Житикаринские новости" газетінде жарияланған).
      3. "Мүгедектерге әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсету туралы" 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 29 әкімдік қаулысына өзгерістер енгізу туралы" әкімдіктің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 568 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-99 тіркелген, 2008 жылғы 5 және 19 қыркүйекте "Житикаринские новости" газетінде жарияланған).
      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдер белгілеу туралы" 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 43 әкімдік қаулысына өзгеріс енгізу туралы" әкімдіктің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 569 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-10-100 тіркелген, 2008 жылғы 5 және 19 қыркүйекте "Житикаринские новости" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады