Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдер белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 9 қаңтардағы № 43 қаулысы. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 14 ақпанда № 9-10-89 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 319 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 03.10.2016 № 319 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасы "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктер мен әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына, "2008 жылға арналған Жітіқара ауданының бюджеті туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-84, 2008 жылғы 3 қаңтардағы № 1 "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 41 Жітіқара аудандық мәслихатының шешіміне сәйкес, әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға берілетін әлеуметтік төлемдер:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне мынадай түрде:
      монша және шаштараз қызметтеріне 300 теңге мөлшерінде ай сайынғы әлеуметтік көмек. Жоғарыда көрсетілген әлеуметтік көмектің тағайындалуы алғашқы өтініш негізінде жүргізіледі және өтініш беруші қайтыс болған айдан бастап тоқтатылады;
      Жеңіс Күніне 10000 теңге мөлшерінде бір жолғы әлеуметтік көмек;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға Жеңіс Күніне бір жолғы әлеуметтік көмек 3000 теңге мөлшерінде.
      2. Жоғарыда аталған әлеуметтік көмек түрлерін тағайындау және төлеу жөніндегі уәкілетті органы болып "Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі белгіленсін.
      3. Әлеуметтік көмек төлемі әлеуметтік көмек алушының жеке шотына қаражаттарын аудару жолымен жүзеге асырылады.
      4. "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдер белгілеу туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-63, 2007 жылғы 2 ақпандағы "Житикаринские новости" газетінде жарияланған, бұрын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген: "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдер белгілеу туралы" 2007 жылғы 21 ақпандағы № 121 әкімдік қаулысымен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-67, 2007 жылғы 16 наурыздағы № 11 "Житикаринские новости" газетінде жарияланған, 2007 жылғы 23 қазандағы № 710 әкімдік қаулысымен "Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік төлемдер белгілеу туралы" 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 3 әкімдік қаулысына өзгеріс енгізу туралы" мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-82, 2007 жылғы 23 қарашадағы № 48 "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 3 әкімдік қаулысының күші жойылған деп есептелсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Қ. Жүндібаевқа жүктелсін.
      6. Қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енеді.
      Жітіқара
      ауданының әкімі А. Әбенов

      КЕЛІСІЛГЕН
      "Жітіқара ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _______________________ И. Григорьева
      "Жітіқара ауданының бюджетті
      жоспарлау және экономика бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      _________________ Г. Жидебаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады