"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарабалық ауданы әкімдігінің қаулыларының күші қосымшаға сәйкес жойылған болып танылсын.
2. Осы қаулы алғаш қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ. Ғабдулин
Әкімдіктің
2016 жылғы 2 ақпандағы
№ 13 қаулысына қосымша
Қарабалық ауданы әкімдігінің күші
жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 450 "Интернаттық ұйымдардың кәмелетке толмаған түлектері үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-12-150 болып тіркелді, 2011 жылғы 27 қаңтарда "Айна" газетінде жарияланды).
2. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 451 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-12-149 болып тіркелді, 2011 жылғы 27 қаңтарда "Айна" газетінде жарияланды).
3. Аудан әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 303 "Әкімдіктің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 451 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-12-191 болып тіркелді).
4. Аудан әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі № 136 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 9-12-141 болып тіркелді, 2010 жылғы 17 маусымда "Айна" газетінде жарияланды).
5. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 325 "Халықтың нысаналы топтарныа жататын тұлғалардың 2016 жылға арналған қосымша тізбесін анықтау туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6088 болып тіркелді, 2016 жылғы 14 қаңтарда "Айна" газетінде жарияланды).