Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 450 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 19 қаңтарда № 9-12-150 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 02.02.2016 № 13 қаулысымен (алғаш қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7–бабының 5-6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындардың жалпы санынан бір пайыз мөлшерінде интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды квотаға сәйкес жұмысқа орналастыруды жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдансын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ф. Филиппов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады