2016 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 325 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 25 желтоқсанда № 6088 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 02.02.2016 № 13 қаулысымен (алғаш қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31- бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5- бабының 2 – тармағына, 7– бабының 2) тармақшасына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін 2016 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша белгіленген тізбесіне жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.С. Саринге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

      Аудан әкімі                                Қ. Ғабдулин

Әкімдіктің        
2015 жылғы 18 қарашадағы
№ 325 қаулысына қосымша

2016 жылға арналған халықтың
нысаналы топтарына жататын тұлғалардың
қосымша тізбесі

      1. Ұзаққа созылған (он екі және одан да көп ай) жұмыссыздықтар.
      2. Елу жастан асқан тұлғалар.
      3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген, лайықты жұмысы жоқ тұлғалар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады