Әкімдіктің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 451 "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 303 қаулысы. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 15 маусымда № 9-12-191 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 02.02.2016 № 13 қаулысымен (алғаш қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7–бабының 5-5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес, Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" әкімдіктің 2010 жылғы 15 желтоқсандағы № 451 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-149 тіркелген, 2011 жылғы 27 қаңтарда "Айна" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулының атауы жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
      көрсетілген қаулының 12-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды квотаға сәйкес жұмысқа орналастыруда жәрдемдесу жөніндегі шараларды қабылдасын.".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарабалық
      ауданының әкімі                            Ф. Филиппов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады