Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 02.02.2016 № 13 қаулысымен (алғаш қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңы 7-бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңы 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы белгiленсін.
2. "Қарабалық ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы квотаға сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына жіберуін қамтамасыз етілсін.
3. Аудан әкімдігінің "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын бекіту туралы" 2008 жылғы 13 наурыздағы № 77 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде 9-12-74 нөмірінде тіркелген, 2008 жылы 17 сәуірінде "Айна" аудандық газетінде жарияланған), күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.А. Исенбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Ф. Филиппов