"Сарыкөл ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" әкімдіктің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 244 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 ақпандағы № 33 қаулысы

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 40-бабына сәйкес Сарыкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сарыкөл ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Сарыкөл ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 шілдедегі № 244 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-17-142 тіркелген, 2012 жылы 29 тамызда "Сарыкөл" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Э. Кузенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады