Сарыкөл аудандық мәслихаты шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы мәслихатының 2016 жылғы 1 наурыздағы № 316 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Сарыкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 29 тамыздағы № 205 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк ставкаларды белгiлеу туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5081 тіркелген, 2014 жылғы 16 қазанда "Сарыкөл" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Кезектен тыс
сессияның төрағасы
Т. Жауғаштин
      Аудандық
мәслихат хатшысы
К. Базарбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады