"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 315 бұйрығы

       "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1."Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережеде:

      11-тармақ алып тасталсын;

      13-тармақта:

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келіседі;";

      мынадай мазмұндағы 14), 15), 16), 17), 18) 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу жөніндегі статистикалық әдіснаманы және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандарын бекітеді;

      15) ұлттық санақтарды жүргізеді;

      16) мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      17) респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, алғашқы статистикалық деректерді тіркеу қағидаларын бекітеді;

      18) деректер базаларын ғылыми мақсаттарда сәйкестендірілмеген түрде ұсыну және пайдалану тәртібін бекітеді;

      19) шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізу қағидаларын бекітеді;

      20) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну тәртібін бекітеді;";

      14-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысындағы тексерулерді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласында респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) әкімшілік дереккөздерге қатысты тексерудің және бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу құқығымен мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      11) шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізеді;

      12) уәкілетті органның ресми дереккөздерден алған деректерін мониторингілеуді, талдауды және оларды салыстыруды жүзеге асырады;

      13) респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, алғашқы статистикалық деректерді тіркеуді жүргізеді;

      14) салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды тұлғалар тізбесін бекітеді;

      15) салықтық құпияны құрайтын мәліметтер тізбесін және оларды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосына ұсыну тәртібін бекітеді;";

      15-тармақта:

      3) тармақша алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен мемлекеттiк статистика саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;";

      мынадай редакциядағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) Парламент комитеттерінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бөлімдерінің және өзге де мемлекеттік органдардын сұрау салулары бойынша ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсынады;";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11-1) дербес деректерді қамтитын базаға иелік ету, пайдалану және билік ету;

      11-2) байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу;

      22-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орталық аппаратпен келісу бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорынның басшысы мен оның орынбасарларын тағайындайды;".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмелерінің мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасыны
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады