"Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 215 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардын статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7500 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдедегі, 2012 жылғы 11 шілдедегі № 369-374, 383-388 (27448, 27462) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      2) Осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Экономика министрлігі
      Статистика комитетінің төрағасы                  Н. Айдапкелов

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      _____________ Қ. Бозымбаев
      2016 жылғы 19 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады