"Қазақстан Республикасындағы кейбір көрсеткіштер бойынша кластерлік зерттеу статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 93 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 216 бұйрығы

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасындағы кейбір көрсеткіштер бойынша кластерлік зерттеу статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2015 жылғы 17 маусымдағы № 93 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11842 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 қыркүйекте жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрлігі
      Статистика комитетінің
      төрағасы                               Н. Айдапкелов

       "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі
      ______________ Е. Сағадиев
      2016 жылғы 21 шілде

      "КЕЛІСІЛГЕН"
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ______________ Т. Дүйсенова
      2016 жылғы 22 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады