Павлодар облысы әкімдігінің және Павлодар облысының қалалары мен аудандары әкімдіктерінің бірлескен 2014 жылғы 5 маусымдағы "Павлодар облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін анықтау туралы" № 191/6 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің және Павлодар облысының қалалармен аудандары әкімдіктерінің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 181/5 бірлескен қаулысы

      Павлодар облысының әкімдігі
      2016 жылғы "31" мамыр № 181/5
      Качир ауданының әкімдігі
      2016 жылғы "26" мамыр № 129/5
      Ақсу қаласының әкімдігі
      2016 жылғы "26" мамыр № 456/6
      Лебяжі ауданының әкімдігі
      2016 жылғы "26" мамыр № 103/5
      Ақтоғай ауданының әкімдігі
      2016 жылғы "26" мамыр № 108
      Май ауданының әкімдігі
      2016 жылғы "26" мамыр № 96/5
      Баянауыл ауданының әкімдігі
      2016 жылғы "26" мамыр № 157/05
      Павлодар ауданының әкімдігі
      2016 жылғы "26" мамыр № 160/5
      Екібастұз қаласының әкімдігі
      2016 жылғы "26" мамыр № 565/6
      Успен ауданының әкімдігі
      2016 жылғы "26" мамыр № 89/5
      Ертіс ауданының әкімдігі
      2016 жылғы "26" мамыр № 124/3
      Шарбақты ауданының әкімдігі
      2016 жылғы "26" мамыр № 156/3
      Железин ауданының әкімдігі
      2016 жылғы "26" мамыр № 96/6
      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабы 1-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысы әкімдігінің және Павлодар облысының қалалары мен аудандары әкімдіктерінің бірлескен 2014 жылғы 5 маусымдағы "Павлодар облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін анықтау туралы" № 191/6 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3855 тіркелді, 2014 жылғы 26 маусымда "Звезда Прииртышья", "Сарыарқа самалы" газеттерінде жарияланды).
      2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      осы қаулының көшірмесін аумақтық әділет органына бір апта мерзімде жолдауды;
      осы қаулының мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды;
      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
      Облыс әкімі Б. Бақауов
      Ақсу қаласының әкімі Н. Дүйсимбинов
      Ақтоғай ауданының әкімі С. Батырғұжинов
      Баянауыл ауданының әкімі Н. Күлжан
      Железин ауданының әкімі Қ. Абушахманов
      Екібастұз қаласының әкімі Қ. Нүкенов
      Ертіс ауданының әкімі В. Дубовицкий
      Качир ауданының әкімі Ж. Шұғаев
      Лебяжі ауданының әкімі С. Жанғазинов
      Май ауданының әкімі А. Қаңтарбаев
      Павлодар ауданының әкімі А. Бабенко
      Успен ауданының әкімі Б. Демеуов
      Шарбақты ауданының әкімі Б. Ыбыраев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады