Павлодар облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімдігінің және Павлодар облысының қалалармен аудандары әкімдіктерінің бірлескен 2014 жылғы 05 маусымдағы № 191/6 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 маусымда № 3855 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің және Павлодар облысының қалалармен аудандары әкімдіктерінің бірлескен 2016 жылғы 31 мамырдағы № 181/5 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы әкімдігінің және Павлодар облысының қалалармен аудандары әкімдіктерінің бірлескен 31.05.2016 № 181/5 қаулысымен.
      Павлодар облысының әкімдігі
      2014 ж. "5" маусым № 191/6
      Павлодар қаласы
      Ақсу қаласының әкімдігі
      2014 ж. "5" маусым № 477/3
      Ақсу қаласы
      Ақтоғай ауданының әкімдігі
      2014 ж. "5" маусым № 152
      Ақтоғай ауылы
      Баянауыл ауданының әкімдігі
      2014 ж. "5" № 174/6а
      Баянауыл ауылы
      Екібастұз қаласының әкімдігі
      2014 ж. "5" маусым № 612-1/6
      Екібастұз қаласы
      Ертіс ауданының әкімдігі
      2014 ж. "5" маусым № 178/5/1
      Ертіс ауылы
      Железин ауданының әкімдігі
      2014 ж. "5" маусым № 204/6
      Железинка ауылы
      Качир ауданының әкімдігі
      2014 ж. "5" маусым № 195/6
      Тереңкөл ауылы
      Лебяжі ауданының әкімдігі
      2014 ж. "5" маусым № 200/6
      Аққу ауылы
      Май ауданының әкімдігі
      2014 ж. "5" № 179/6-1
      Көктөбе ауылы
      Павлодар ауданының әкімдігі
      2014 ж. "5" маусым № 384/6
      Павлодар қаласы
      Успен ауданының әкімдігі
      2014 ж. "5" маусым № 185/6
      Успенка ауылы
      Шарбақты ауданының әкімдігі
      2014 ж. "5" маусым № 197/12
      Шарбақты ауылы
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 234/НҚ бұйрығымен бекітілген Тірек ауылдық елді мекендерді анықтау әдістемесінің 8-тармағына сәйкес Павлодар облысының, Ақсу, Екібастұз қалаларының, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Железин, Качиры, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарының әкімдіктері ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Павлодар облысының тірек ауылдық елді мекендерінің келесі тізбесі анықталсын:
      1) Ақтоғай ауданы Қараоба ауылдық округінің Қараоба ауылы;
      2) Баянауыл ауданы Майқайың кенттік әкімшілігінің Майқайың кенті;
      3) Ертіс ауданы Ағашорын ауылдық округінің Ағашорын ауылы;
      4) Ертіс ауданы Абай ауылдық округінің Голубовка ауылы;
      5) Ертіс ауданы Северный ауылдық округінің Северный ауылы;
      6) Железин ауданы Башмачное ауылдық округінің Башмачное ауылы;
      7) Железин ауданы Қазақстан ауылдық округінің Жаңа жұлдыз ауылы;
      8) Железин ауданы Михайловка ауылдық округінің Михайловка ауылы;
      9) Качир ауданы Байқоныс ауылдық округінің Байқоныс ауылы;
      10) Качир ауданы Бобровка ауылдық округінің Жаңабет ауылы;
      11) Качир ауданы Федоровка ауылдық округінің Федоровка ауылы;
      12) Лебяжі ауданы Шарбақты ауылдық округінің Шарбақты ауылы;
      13) Лебяжі ауданы Ямышев ауылдық округінің Ямышев ауылы;
      14) Май ауданы Баскөл ауылдық округінің Баскөл ауылы;
      15) Май ауданы Қаратерек ауылдық округінің Қаратерек ауылы;
      16) Павлодар ауданы Красноармейка ауылдық округінің Красноармейка ауылы;
      17) Павлодар ауданы Луганск ауылдық округінің Луганск ауылы;
      18) Павлодар ауданы Григорьевка ауылдық округінің Набережное ауылы;
      19) Успен ауданы Равнополь ауылдық округінің Константинов ауылы;
      20) Успен ауданы Қоңыр Өзек ауылдық округінің Қоңыр Өзек ауылы;
      21) Успен ауданы Лозовое ауылдық округінің Лозовое ауылы;
      22) Шарбақты ауданы Александровка ауылдық округінің Александровка ауылы;
      23) Шарбақты ауданы Хмельницкий ауылдық округінің Хмельницкий ауылы;
      24) Шарбақты ауданы Шалдай ауылдық округінің Шалдай ауылы;
      25) Ақсу қаласы ауылдық аймағы Евгеньевка ауылдық округінің Евгеньевка ауылы;
      26) Ақсу қаласы ауылдық аймағы Қалқаман ауылдық округінің Қалқаман ауылы;
      27) Ақсу қаласы ауылдық аймағы Қызылжар ауылдық округінің Қызылжар ауылы;
      28) Екібастұз қаласы ауылдық аймағы Ақкөл ауылдық округінің Ақкөл ауылы;
      29) Екібастұз қаласы ауылдық аймағының Әлкей Марғұлан атындағы ауылы;
      30) Екібастұз қаласы ауылдық аймағының Шиқылдақ ауылы;
      31) Екібастұз қаласы ауылдық аймағы Екібастұз ауылдық округінің Төртүй ауылы.
      2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
      осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Павлодар облысының әкімі Қ. Бозымбаев
      Ақсу қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы Б. Ыбыраев
      Ақтоғай ауданының әкімі М. Сейітахметов
      Баянауыл ауданының әкімі Е. Айткенов
      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк
      Ертіс ауданының әкімі Н. Пішенбаев
      Железин ауданының әкімі Қ. Әбушахманов
      Качир ауданының әкімі Н. Күлжан
      Лебяжі ауданының әкімі А. Құрманова
      Май ауданының әкімі А. Жармағамбетов
      Павлодар ауданының әкімі Н. Әутәліпов
      Успен ауданының әкімі Б. Демеуов
      Шарбақты ауданының әкімі Е. Асқаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады