Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 120 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 23 тамыздағы № 199 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актiлер туралы" Заңының 27, 50-баптарына сәйкес, аудан әкімдігінің актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру мақсатында, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы" № 120 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2015 жылғы 11 маусымда № 4521 тіркелген, 2015 жылғы 20 маусымда № 24 "Ауыл тынысы" және № 24 "Пульс села" газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Батырғұжинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады