"Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 120 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 маусымда № 4521 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 23 тамыздағы № 199 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақтоғай аудандық әкімдігінің 23.08.2016 № 199 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
      2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына міндеттелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі С. Батырғұжинов

  Ақтоғай ауданы әкімдігінің
2015 жылғы "19" мамырдағы
№ 120 қаулысымен
бекітілді

"Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ақтоғай ауданының халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында басшылық ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
      3. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 140200, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі, 118.
      10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Актогайского района".
      11. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидалармен белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
      "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі келесі тәртіпте құрылады: сағат 9.00 - 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 - 14.30-ға дейін, аптасына бес жұмыс күн, демалыс күндері: сенбі - жексенбі.
      12. Мемлекет Ақтоғай ауданы әкімдігі тұлғасында "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
      13. Осы Ереже "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      14. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      15. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы,
мақсаты, қызметінің мәні, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      16. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ақтоғай ауданының халқын жұмыспен қамтуға және әлеуметтік қорғауға жәрдем көрсетуді қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      17. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты Ақтоғай ауданының халқын жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функцияларын жүзеге асыру болып табылады.
      18. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің мәні аудан деңгейінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында жергілікті мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыру болып табылады.
      19. Негізгі міндеттері:
      1) аз қамтылған отбасыларды, жұмыссыз азаматтарды, ардагерлерді, мүгедектерді және өзге де жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру;
      2) жұмыс таңдау мен жұмысқа орналасуда жәрдемдесу;
      3) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласында әлеуметтік әріптестікті дамыту;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
      20. Функциялары:
      1) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша өңірлік бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады;
      2) өтініш жасаған азаматтар мен жұмыссыздарға – жұмыс табу мүмкіндігі туралы, ал жұмыс берушілерге жұмыс күшімен қамтамасыз ету мүмкіндігі туралы хабарлап отырады;
      3) өтінішпен жүгінген тұлғаларды қабылдау, есепке алу және тіркеуді жүргізеді, азаматтар мен жұмыссыздарға жұмыс таңдауда жәрдемдеседі, жұмысқа орналасу және оқу үшін жолдама береді;
      4) кәсіби бағдарлау ісінде азаматтар мен жұмыссыздарға тегін қызметтер көрсетеді;
      5) жұмыссыздарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жібереді;
      6) меншік түріне қарамастан жұмыс берушілерге қажетті жұмыскерлерді іріктеуге көмек көрсетеді;
      7) еңбек нарығының қажеттіліктері мен жұмыссыз азаматтардың біліктіліктерін ескере отырып кәсіптік оқытуды ұйымдастырады;
      8) жұмыссызға оның жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама береді;
      9) Ақтоғай ауданының әкімдігінің қарауына енгізеді және әзірлейді:
      халықтың нысаналы топтарын және оларды қорғау бойынша әлеуметтік шараларды анықтау жөніндегі ұсыныстарды;
      аудан аумағында орналасқан ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды дайындау және өткізу бойынша ұсыныстарды;
      "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын;
      10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады;
      11) жергілікті өкілді органның шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетеді;
      12) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауды, он сегіз жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеуді жүзеге асырады;
      13) кресло-арба, есту аппаратымен, тифлотехникамен, протездік-ортопедиялық бұйымдармен, санаторлық-курорттық емделуді қамтамасыз етілуге мұқтаж мүгедектердің есебін жүргізеді;
      14) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына және оларға жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғаларға (еңбек тылына қатысушыларға, қаза болған жауынгерлердің жесірлеріне, кәмелетке толмаған концлагерь тұтқындарына, Ұлы Отан соғысында қаза болған мүгедектердің жесірлеріне, соғыс жылдарында кем дегенде алты ай жұмыс істеген тұлғаларға, ЧАЭС-дағы апатты жоюға қатысушыларға, басқа мемлекеттің аумағында жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушыларға) тиісті әлеуметтік көмек көрсету үшін есеп жүргізеді;
      15) біржолғы өтемақы тағайындау үшін Семей ядролық полигонының салдарынан зардап шеккен зейнеткерлер мен мүгедектер санынан тұлғаларға құжаттарды тіркеп рәсімдеуді жүзеге асырады;
      16) үйде оқытылатын мүгедек балаларды материалдық көмек көрсетумен қамтамасыз етеді;
      17) мұқтаж мүгедектерге қызмет көрсетеді;
      18) тұрғын үй көмегін көрсетеді;
      19) мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға бағытталған шараларды қабылдайды;
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің, қызметтік құжаттардың қаралуын қамтамасыз етеді;
      21) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
      21. Құқықтары мен міндеттері:
      1) аудан әкімдігі, әкімі және жоғары сатыдағы ұйымдарының қарастыруына халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы дамудың негізгі бағыттары, мәселелерді жедел шешу жөніндегі ұсыныстарды енгізу;
      2) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер жөнінде мемлекеттік органдардан, сондай-ақ басқа ұйымдар мен азаматтардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
      3) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша семинарлар мен отырыстарды өткізу;
      4) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға консультациялық-әдістемелік, ақпараттық, ұйымдық-техникалық және өзге де көмек көрсету;
      5) халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде сапаның, сондай-ақ стандарттар мен регламенттердің сақталуын қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
      "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өкілеттіліктерін орындау үшін ауданның өзге де атқарушы органдарымен және қарамағындағы ұйымдарымен өзара әрекеттеседі.

3. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.
      23. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес аудан әкімімен қызметіне тағайындалады және қызметінен босатылады.
      24. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      25. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін аудан әкімдігінің бекітуіне ұсынады;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі барлық қызметкерлерімен орындалуы міндетті өз құзыретіне кіретін мәселелері бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      4) жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүзеге асырады;
      5) қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеуді, материалдық көмек көрсетуді, оларға тәртіптік жаза қолдануды жүзеге асырады;
      7) "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келешектегі және ағымдағы жұмыс жоспарларын бекітеді;
      8) барлық мемлекеттік органдарда және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдарда Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шараларды қолданады және осы үшін дербес жауапты болады;
      10) өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдерді жасайды;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      26. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен еңбек ұжымының арасындағы қарым - қатынастары Қазақстан Республикасы Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес белгіленеді.
      27. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органының (аудан әкімдігі атқарушы органы) арасындағы өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.
      28. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саласындағы уәкілетті органының арасындағы қарым-қатынастары қолданыстағы заңнамамен реттеледі.

4. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      29. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшаулаған мүлкі болу мүмкін.
      30. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлкі және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.
      31. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.
      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілімен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемені
қайта ұйымдастыру және қысқарту (тарату)

      33. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      34. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекеменің таратылған кезде кредиторлардың талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншікте қалады.

"Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      35. "Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қарамағында мынадай ұйым бар:
      1. "Павлодар облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады